АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Бала көтерген ер адамды жұлқылаған: Ақтөбеде полицейдің әрекеті жұрттың ашуын келтірді (видео[:]

[:kz]

Ақтөбеде полиция қызметкерінің қатысуымен орын алған оқиғаның видеосы тарады. Ол кішкентай баланы көтеріп тұрған ер адамды итеріп, дауласып қалған, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

Желіде тараған видеодан ер адам мен тәртіп сақшысының сөзге келіп қалғаны байқалады. Полицей ер адамның баланы көтеріп тұрғанына қарамастан, оны итеріп жібереді. 

Өз кезегінде желі қолданушылары полицейдің әрекетіне ашуланып, ІІМ-нен оқиғаның мән-жайын анықтауды сұрады. 

 

Ал қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер оқиғаның Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына байланысты ұйымдастырылған іс шарада орын алғанын мәлімдеді. 

«Мерекелік кеш Абылай хан даңғылының бойында ұйымдастырылған. Үлкен даңғыл болған соң, көлік қозғалысы тоқтатылмаған. Тәртіп сақшылары қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін жолдан өтпеулерін, жол бойында жүрмеуін айтып өтінген. Бірақ видеода көрсетілгендей, қала тұрғындары қарсылық танытып тұр. 

Бұл жерде оқиғаның ақ-қарасын ажыратып алмай тәртіп сақшыларын сынай кетудің қажеті жоқ. Олар тек жұмыстарын адал атқаруда. Қазіргі таңда тексеріс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Шын мәнінде тәртіп сақшыларынан кеткен айып болса, тиісті шаралар қолданылады», — дейді полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі. 

[:]