[:kz]
24 шілдеде Ақтөбедегі Батыс-2 ауданында «Нұрзерек» балабақшасында үш жасар бала терезеден құлап кетті деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі «Диапазон» сайтына сілтеме жасап.
«Түскі уақыт кезінде балаларды ұйықтатып жатқанда бір бала жатын бөлмеге жүгірен. Ары қарай екінші қабаттың терезесінен құлап кеткен. Баланың аяғы сынған», – қалалық Блім беру бөлімінің басшысы Саян Сүлейменов.
Ол балалар ауруханасындағы травмотология бөлімінде жатыр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі баланың миы шайқалғанын және сынық жарақатын алғанын, бірақ жағдайы бірқалыпты екенін хабарлады
[:]