[:kz]
Отандық танымал актер әрі тележүргізуші Тәуекел Мүсілім балабақшадағы суретін жариялап, желі қолданушыларын тәнті етті. Көпшілік шоу-бизнес серісінің кішкентай кезіндегі фотосын қызу талқылап, оған деген жылы лебіздерін білдірген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/mussilim. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Тәуекел Мүсілім бала күнгі суретімен Instagram желісіндегі жеке парақшасында бөліскен.
«Бала Тәуекел, балабақша кезі. Бұл топтан тек Нұрғожа және Алиямен ғана араласамыз. Қалғандары қайда екен? Біреуді таныған болсаңыздар, белгілеп қойыңыздар» , — деп бала кезіндегі достарын іздеді актер.
Желідегілер өнер иесінің кішкентай кезіндегі суретіне қатысты түрлі пікір қалдырып жатты. Олардың басым көпшілігі шоу-бизнес жұлдызының бала күнгі түріне сүйсінген.
«Қандай тәттісің», «Сол кезде де палуан болыпсыз ғой», «Тойға шақыратын адамдарды іздестіріп жатырсыз ба?» , «Тәп-тәтті балапан» , «Неткен сүйкімді абалқай» , «Осы тәтті бүлдіршіннен сері жігіт шыға келді» , «Өзгермеген сияқтысыз, бірден танып қойдым» , «Көздеріңнен сенің» , «Әдемі естелік фото» , — деп жазуда көпшілік.
Айта кетейік, бұған дейін Тәуекел Мүсілім жары екеуі әлі балалы болуға асығар емес екенін айтқан болатын.
[:]