АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Балалар ұзақ уақыт түрмеде отырған». Аружан Саин Ирактан эвакуацияланған балалар туралы айтып берді[:]

[:kz]

ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин Ирактан оралған 14 қазақстандық балаға қатысты пікір білдіріп, шараға ат салысқандардың барлығына алғысын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Бұның барлығын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Соғыста бала жүрмеуі керек, жалпы соғыс біздің өмірімізде болмауы керек. Бұл — менің өмірімдегі ең қиын сапар. Балаларды қауіпсіз жерге әкеліп, жағдай жасап берген барлық дәрігерлер, дипломаттар мен экипаж құрамына мың да бір алғыс. Әлбетте ата-аналарын тастап кету оңай емес, кішкентай балалар тыпыршығанмен, ересектері өзін салмақты ұстады. Бала болса да, жанкешті өмірден, соғыстың қиындығынан шаршағандары көрініп тұр. Түрме, соғыс деген бала аяғы басатын жер емес…Көбінесе олар аналарымен бірге түрмеде отырған, төрт қабырғадан басқа еш тіршілік көрмеген, не болып жатқанын түсінген жоқ. Шамалы уақытқа болсын, балалардың миы сергіп, тынығып қалды. Әрине барлық ауыртпашылық бір күнде ұмытыла қоймасы анық», — дейді Аружан Саин өз инстаграм парақшасында. 

Айтуынша, әуежайға келіп, ата-әжелері мен туысқандарын көргенде балалар қатты қуанып, жақындарының мейірімі мен құшақ жая қарсы алғанына сенбей аң-таң болды басында.  Кейін оларды дәрігер, психолог, басқа да мамандар қамтылған орталыққа әкеткен.

Айта кетейік, қарашаның 27-сі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Ирактан 14 қазақстандық бала эвакуацияланды. Олар террористік іске қатысы бар деп Ирак түрмесінде жазасын өтеп жатқан аналарымен бірге болған.

 

[:]