[:kz]
14 тамыз күні белгісіз біреулер жергілікті базарлардың бірінде әйел адамның әмиянын ұрлап кеткен. Ұрылардың құрбанына айналған ана әмиянның ішінде бір айлық жалақысының болғанын айтады. Зардап шеккен келіншек полицияға жүгінген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Екі баланың анасы оны қалай тонағанын да сезбегенін айтты.
«Олар үшеу болды. Біріншісі әмиянды шығарып жатқанда, тағы екеуі бізді алдаусыратып тұрған. Мен ештеңе сезбедім», — дейді қала тұрғыны.
Жәбірленуші үшеуі де әділ жазаға тартылады деп үміттенеді.
[:]