[:kz]
Жамбыл облысында апатқа ұшыраған автобуста болған тағы бір адам көз жұмды. Осылайша, апаттан мерт болғандар саны 12 адамға жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
Зардап шеккен ер адам Алматыдағы клиникада жатқан. Ол жерге ер адамды таяуда жеткізіпті. Пациент ессіз күйде, жағдайы тым ауыр боған екен.
Белгілісі, қайтыс болған ер адам балалары мен немерелерін көріп қайтуға бара жатқан. Алайда діттеген жеріне жете алмады.
Осылайша, апаттан көз жұмғандар саны 12 адамға жетті. Олардың 8-і оқиға орнында мерт болса, тағы төртеуі ауруханада жан тапсырған.
Еске сала кетсек, бүгін, 20 сәуірде Алматы-Ташкент тасжолында ауыр жол апаты болды. «Тойота камри» маркалы көлік сол бағытта жүріп бара жатқан жүк көлігіне соғылды. Тасжол бойында апатқа ұшыраған көліктердің артынан келе жатқан автобус оларға соғылмайын деп әрекеттеніп, салдарынан жолдан шығып құлап кеткен.
[:]