АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Балаларымды сағындым деп айтатын»: Досы Жанар Хамитова туралы[:]

[:kz]

Жанар Хамитова

Марқұм Жанар Хамитованың жақын досы әрі әріптесі Әбу Кай кез келген ана секілді марқұмның балаларына деген сағынышының ерекше болғанын айтты. Мұнымен қатар, жеке өмірі көп айтпағанын бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz  тілшісі.

«Кез келген анаға балаларынсыз қиын ғой. «Балаларымды сағындым. Телефонмен, видеоқоңыраумен сөйлесіп тұрамын» деп айтатын. Бұл жерде ол кісілер (Нұржан Керменбаев және т.б.-лар – ред.) әңгіме қозғағым келмейді. Жанар о баста танысқан кезде «Менің жеке өмірім туралы сұрамаңдаршы» деп айтатын. Жеке басы туралы сұрағанды көп ұната бермейтін. Мен де көп сұрамайтынмын. Әңгіменің арасында өзі кейде ашылып айтады. Ал былай сұраған емеспіз. Өйткені, бізге солай айтты. Жоқ, біреуге ренжіп жүргені туралы айтқан емес», — дейді әнші. 

Әрі қарай Әбу Кай өлімінің мән-жайын білмейтінін, тек әкесінен «жүрегі тоқтап көз жұмды» дегенді естігенін айтты. 

«Мен менен басқа адамдармен қарым-қатынасы туралы сұрамайды екенмін. «Жанар, сен кіммен араласып жүрсің, кіммен қалайсың?» деген емеспін. Мен ол кезде қасында болған жоқпын. Білмейді екенмін. Жәй айтылған әңгіме», — деп қысқа қайырды Әбу Кай. 

Еске салсақ, 16 қыркүйекте «Арнау» тобының экс-солисінің қайтыс болғаны туралы белгілі болды. Бұл туралы әнші досы Әбу Кай өзінің Инстаграмдағы парақшасында мәлімдеді.

Артынша полиция әншінің өлімін растап, ҚР ҚК 105-бабы 1-тармағына (Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу) сәйкес қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. 

Бүгін, 18 қыркүйекте, Жанар Хамитованың денесі жер қойнына тапсырылды. Әншімен қоштасуға келгендердің арасында өнердегі әріптестері Ринат Малсақов, Меруерт Түсіпбаева, Сиви Махмуди, Абу Кай және т.б. әріптестері болды. 

Алайда әншінің бұрынғы күйеуі оны соңғы сапарға шығарып салуға келмеді

Stan.kz 

[:]