АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Балаларымен бірге мекемеде түнеген: Шымкентте көпбалалы аналар әкімдікке баса көктеп кірді[:]

[:kz]

Шымкенттік шенеуніктер үшін 21 қараша түні ұйқысыз өтті деп айтуға болады. Әкімдіктің ғимаратына көпбалалы аналардан құралған топ баса көктеп кіріпті. Олар қала басшысымен кездесуді талап еткен. Алайда әкім аналардың талабын орындамаған көрінеді. Ал амалы таусылған азаматшалар әкімдікте таң атқанша қалуды жөн көріпті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Астана» арнасына сілтеме жасап.

Аналар таң ата салысымен әкімді кездескілері келіпті. Дегенмен олардың кешке дейін кезектері жетпей қалған көрінеді. Сол себепті ашынған аналар әкімішілік ғимаратына кешкісін бас көктеп кірген. Олар қала басшысына өздерінің тұрғын үй мәселелерін айтпақшы болыпты. Бұған қоса мемлеткет тарапынан уақытша баспана беруді өтінгісі келген.

«1 қаңтар күні біздің отбасы үйді босатуы керек. Біздің барар жеріміз жоқ. Біздің қазіргі тұрып жатқан үйіміздің жанында бос баспана бар. Мен сол үйде уақытша тұруыма өтініш білдіргім келген. Таңертеңгісін әкімдікке мүгедек үш баламды тастап келген болатынмын, әкімнің өзі бізбен кездескісі келмей қашып кетіпті», — деді көпбалалы ана Гүлнәз Маханова. 

Жағдай уақыт өткен сайын ушыға түсті. Әйелдер қала әкімі Ерлан Айтахановпен кездесуді талап етіп, айқай-шу шығарды. Ашынған жұрттың әңгімесін тыңдауға әкімнің орынбасары шығыпты. Кейбір әйелдер шенеунікті үйіне бірге ертіп барып, тұрмысымен таныстырған. 

Полицейлер көпбалалы аналарды ғимараттан шығарып жібермекші болған. Басында олар жай ғана ескертулер жасаған, кейіннен күзетшілер есікті айқара ашып, жарықты сөндіріп тастаған. Бірақ аналар өз бетінен қайтпай қойыпты.Олар, тіпті, ғимараттың ішінде ыңғайлы жер тауып, сол жақта түнеген.

Түнгі 12-де мекемеге әкімнің орынбасары Бұқарбай Парманов келіп, қала басшысы келесі күні аналардың барлығын жеке-жеке қабылдайтынын айтқан. Көпбалалы аналар шенеуніктің бұл сөзіне де көнбепті.

«Оларда жеке үйлері жоқ, қазіргі уақытта барлығы бірдей тұрғын үй алу үшін кезекте тұр. Бірақ бұл жылы оларға беретін баспана бізде жоқ. Ал келесі жылы көпбалалы отбасыларға берілетін үйлер көбейеді. Қазір олардың құрылысы жүріп жатыр», — деді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бұқарбай Парманов. Ақырында аналар балаларымен бірге түнімен әкімді күтіп шығыпты.Ал келесі күні олар басшының қабылдауына қол жеткізген. Ерлан Айтаханов бұл мәселені шешуге тырысамын деп сендірді. Ол үшін ең алдымен демеуші табу қажет екен. Сол себепті аналардың тағы да күте тұруы қажет. 

[:]