[:kz]
Белгілі әнші, продюсер Қыдырәлі Болмановтың балаларымен бірге огород тазалап жүрген видеосы көпшілікті сүйсіндірді. Бұрынғы ауыл көрінісін сағынғанын жеткізген ол видеоны Instagram парақшасында жариялады.
— Кешке қарай мал маңырап өрістен келіп,ауыл адамдарының дауыстары араласып,азан-қазан, айғай-шу болып жатушы едік ауылда.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Осы огородымызға келген сайын сол ауылым,балалық шақтарым,ата-ана,атам-әжем есіме түседі… Сағынышымды басатын жақсы жер-осы огород. Алла бере салғандарымды еңбекке баулитын жақсы жер де осы. Жер шұқылап, отырып-тұрып,жұмыс істегенге де жақсы. Далада көгалда отырып,пост жазғанда бір жақсы. Бірі жақсы болсын, жақсы адамдарым! — деп жазды ол. Бұл видеоны көрген көпшілік оған және отбасына жылы лебіздерін білдіруде. — «Ия ауыл кеші көңілді еді ғой. Бөтен қой іздеп жүрген балалар көше- көше аралап», «Қыдырәлі қандай керемет .Айәлөка тәп- тәтті қыздың жүрісін ай», «Еңбек етсең ерінбей, тояды карның тіленбей дегендей, балапандарымыз аман болсын», «Еңбегіңіздің жемісін,ұл-қызыңыздың рахатын көріңіз», «Маңдай тер еңбектеріңнің жемісін, отбас, бала-шағаңмен жегізуді алла нәсіп етсін, Қыдеке», «рас аға,бізде осы бір ай бұрын жер үйге көшіп кеңінен тыныстап жатырмыз. Арам шөбін жулудын өзі кайф кой», «Бауыңыз керемет болып тұр ғой!» — деп жазды олар.
[:]