АЛТЫНОРДА
Ел жаңалықтары

[:kz]Балаларын Сайранға батырып өлтірмек болған әйелдің не себепті ондай қадамға барғаны белгілі болды[:]

[:kz]

 

Қоғам белсендісі Ақмарал Басирова Алматыдағы Сайран көліне балаларын батырып өлтірмек болған әйелдің бұл әрекетке не үшін барғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Басированың айтуынша, әйел бұл әрекетке күйеуін жұмыстағы әріптестерінен қызғанғандықтан барған. Сол себепті өшін балалардан алмақ болыпты.

Сондай-ақ күдіктінің жүкті екені белгілі болды. Одан бөлек отбасының үш баласы бар. Үлкендері үш және төрт жаста, кішісі бір жастан енді ғана асқан. 

Қазір әйел психоневрологиялық диспансерде жатыр. Қоғам белсендісінің сөзінше, күдікті бұған дейін ешқандай есепте тұрмаған.

Алматы қаласының қоғамдық денсаулық басқармасы хабарлауынша, балалар ауруханадан шығарылды. Өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ. Қазір балалар әкесімен бірге көрінеді. 

Айта кетсек, бұған дейін Алматыдағы Сайран көліне үш баласын тұншықтырып өлтірмек болған келіншек туралы жазған болатынбыз. 

[:]