АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Балаларыңыздың көзіне қалай қарайсыздар?»: Зеленский Беларусь халқына үндеу жолдады[:]

[:kz]

Украина президенті Владимир Зеленский Беларусь халқынан көмек сұрап, үндеу жолдады. Бұған ел президенті Лукашенконың жауабы дайын деп хабарлайды stan.kz

«Менің бұл сөздерім Беларусь азаматтарына арналады. Бүгін сіздердің барлығыңызды референдумға дауыс беруге шақырады. Бұл кәдімгі саяси процесс сияқты көрінуі мүмкін, бірақ қазір ешнәрсе қалыпты болуы мүмкін емес. Енді шешімдер мүлдем басқа деңгейде қабылданады. Өткен түн Украина үшін ауыр болды. Тағы да атыс, тұрғын үйлерді, азаматтық инфрақұрылымды бомбалады. Олар барлығына қарсы күреседі. Олар барлық тірі жандарға қарсы күреседі”, – деді Украина басшысы.

Зеленский Беларусь Украинамен бірге емес деп ренжіді. Беларусь халқына “Ресей емес, Беларусь болыңыздар” деген ұсыныс айтты.

“Васильков, Киев, Чернигов, Сумы, Харьков және Украинаның көптеген басқа қалалары Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде біздің және сіздің жеріңізде  болған осындай жағдайда өмір сүріп жатыр. Бірақ қазір жүріп жатқан соғыста сіз бізбен бір жақта емессіздер. 

Кім екендеріңізді өздеріңіз шешесіздер. Кім болатындарыңызды өздеріңіз шешесіздер. Балаларыңыздың көзіне қалай қарайсыздар? Бір-біріңіздің көздеріңізге қалай қарайсыңдар? Көршілеріңізге қалай қарайсыздар? Ал біз сіздердің көршілеріңізбіз! Ресей емес Беларусь болыңыздар. Сіздер дәл қазір таңдау жасап жатырсыздар”, – деді ол.

Украина президенті соғысты тоқтату үшін келіссіз жүргізуге дайын екенін, ол үшін қолайлы мемлекетте кездесетінін атап өтті.

“Қазір Украина мен Ресей арасындағы бұл соғысты тоқтатып, бәрімізге бейбітшілікті қалпына келтіруге болатын ықтимал келіссөздер туралы көптеген жаңалықтар бар. Ал келіссөздер алаңы ретінде, біз таңдамаған алаң, сіздердің астаналарыңыз Минскті жиі атап өтеді. Оны сіздер де таңдаған жоқсыздар. Ресей басшылығы таңдады. Енді тағы да сіздермен кездесуге ұсыныс айтылуда.

Төрт күн бұрын Беларусь аумағынан қанатты зымырандар атылды. Ұшақ. Тікұшақтар. Техника. Олар біздің үйлерді қиратты. 

Егер сіздердің аумақтарыңыздан агрессивті әрекеттер болмаса, біз Минск туралы сөйлесер едік. Сіздер бейтарап болған кезде Минскіде сөйлестік.

Кездесу өтетін орын басқа қалалар болуы мүмкін. Әрине, біз бейбітшілікті қалаймыз. Біздің кездескіміз келеді. Біз соғыстың аяқталуын қалаймыз. Варшава, Братислава, Будапешт, Стамбұл, Баку – осының барлығын біз ресейлік тарапқа ұсындық. Иә, аумағынан зымырандар ұшпайтын ел болса, бізге кез келген қала қолайлы.

Тек осындай ғана келіссөздер шыншыл болып, соғысты шынымен аяқтай алады. Мен Беларусьтің мейірімді, қауіпсіз Беларусьқа айналуын шын жүректен тілеймін”, – деді Зеленский. 

Лукашенко Зеленскийдің үндеуіне түсініктеме берді:

«Ол кімге хабарласып тұр? Біз украиндарға әрқашан адамгершілікпен қарадық! Беларусь халқының жүгінетін адамы бар. Ол украин халқына үндеу айтып, бүгін Украинада болып жатқан оқиғаларға жауап берсін. Біз соғысты тоқтатуымыз керек. Мен оны соғыс деп те атамас едім. Бұл қақтығыс. Бір-екі күн – соғыс болады. Ал үш күннен кейін олай болмайды.

Лукашенко Украинада беларусь әскерлері, қару-жарақ, оқ-дәрілер жоқ екенін айтты.

“Ресейге мұндай көмек қажет емес. Бірақ Украинада орыстар мен белорусьтерді ұстап алып, ұрып-соғып жатқанын айтты. Бұл әрекеттер Беларусьті өз азаматтарын қорғау үшін арнайы операция жасауға итермелейді”, –деді Лукашенко.

[:]