АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Балам қатты тоңып, жылаған»: Қостанай тұрғыны автобустардың аялдамаға тоқтамай кетіп қалатынын айтты[:]

[:kz]

Заречный ауылы Солтүстік шағынауданының тұрғыны Елена Шмид 3-сыныпта оқитын баласына автобустардың жиі тоқтамай кететінін айтып, редакцияға шағымданды деп жазады Alau.kz.

Елена Шмидтің айтуынша, бір жылдан бері кейбір автобустар аялдамаға тоқтамайды. Соның салдарынан балалар мен ересектер суықта сағаттап маршрут күтуге мәжбүр. 

«Балам Заречныйдағы мектеп-лицейінде 3-сынып оқиды. Сабағы сағат 18:30-да аяқталады. Автобустар біздің үй жақтағы аялдамаға келуді де доғарды. Өткенде баламды «Кирпичный» аялдамасынан тастап кетіпті. 2 шақырымдық жерді жаяу жүрген балам үйге жетем дегенше тоңып, жылап келді. 

ТТS команиясына хабарлассам, әкімдік жолды тазаламай отыр дейді. Сонда олардың келісімге келе алмағаны үшін біз неге жапа шегуіміз керек?», — дейді оқушының анасы. 

Әбден төзімі таусылған Елена ата-аналар атынан әкімдік пен прокуратураға арыз да жазғанын айтады. 

sn.kz

[:]