АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Балам қазақша сөйлегені үшін қытайлықтар аузын желімдеп тастады»: Сайрагүл Сауытбай көрген қорлықтары жайлы кітап жазып шығарды[:]

[:kz]

 

Швециядан саяси пана тапқан Сайрагүл Сауытбай Қытай үкіметінен көрген қорлығы жайлы сыр шертті. Бұған дейін мемлекеттік қызметкер, мектепке дейін білім беру орындарында директор болған ол Александра Кавелиус есімді жазушымен бірігіп, жақында «Басты куәгер: Қытайдың заманауи шоғырланған лагерінен қашуым» атты (ред. ағылшынша атауы The Chief Witnesss: Escape from China’s Modern-Day Concentration Camps) кітапты жариялады. Ол өзінің бастан кешкендерін әлемге паш етуге міндетті екенін айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Deutsche Welle порталына сілтеме жасап.

2016 жы Сайрагүл Сауытбай Қытайдың репрессиялық аппаратының құрбанына айналды. Бұл туралы ол кітабында жазыпты. Бұл шығарма Ұлыбританияда, АҚШ-та және Аустралияда ағылшын тілінде жарық көрген. Туындыда Сауытбайдың өз көзімен көрген ауыртпашылықтары, Қытай билігінің мұсылман жұртты қанауы мен қатыгездігі ашып көрсетіледі. 

 

Ұстаз болмай тұрып Сайрагүл Сауытбай дәрігердің оқуын бітіріп, мемлекеттік қызмет атқарған. Әйел жаппай зорлық-зомбылық әрекеттері, сот барысының әділетсіздігі мен жоғарыдағылардың есірткіні пайдаланып, адамдардарға тәжірибе жасауын ашып айтады. Сөйтіп жүріп өзі де түрмеге түседі.

Абақты басшылығы адамдарды тоққа қосылған орындыққа отырғызып қинайды дейді ол. Сайрагүл де мұндай қорлықтан өткенін айтады. Оның сөзінше, Шыңжаң Ұйғыр автономиясында ашық аспанда орналасқан әлемдегі ең үлкен түрме бар көрінеді. Құқық қорғау өкілдері Қытайда осындай 1200-ден астам лагерь бар екенін, онда 1 миллионнан астам ұйғыр мен қазақ еріктерінен тыс қамауға алынған алға тартады. 

Сайрагүл 2016 жылдан бастап үкіметтің оның отбасына жасаған қысымы артып кеткенін айтады. Сөзінше, оның балабақшаға баратын ұлының аузын қазақша сөйлегені үшін желімдеп тастаған. Бұған шыдамаған әйелдің жары мен екі баласы Қазақстанға өтіп кетеді. Сайрагүл де олардың артынан баруы қажет болған. Алайда Қытай билігі этникалық қазақтардың құжаттарын тартып алғандықтан елден шыға алмай қалады. 

Көп ұзамай оны түзету лагеріне жауып тастайды. Мұнда Сайрагүлді мұғалім болғандықтан басқаларына қытай тілі мен насихаттық әндерді үйретуге мәжбүрлеген. Бұған қоса ол тәжірибелі дәрігер ретінде лагерге қамалғандарды емдеуге көмектескен. Айтуынша, түрме басшылығы оларға мәжбүрлі түрде белгісіз дәрі де берген. Сайрагүл  бұл дәрілердің әйелдерді бедеулікке алып келетін препарат болуы мүмкін екенін жеткізді. 

«Лагерьде төсек тартып жатып қалған кездерім болды. Өйткені онда тас бетонның үстінде ұйықтайтын едік. Сүйектерім сырқырап, аяқ-қолдарым әлі күнге дейін ауырады. Бұрын денім сау еді еді, ал енді 43 жасымда менің ауырматйын жерім жоқ», — деп жазады Сайрагүл Сауытбай. 

Тек бес айдан кейін лагерден шығып, Қазақстанға қашып барған Сайрагүл елімізде пана таба алмады. Себебі оның шекарадан заңсыз өткені анықталды. Қазір Сайрагүл отбасымен Швецияда тұрып жатыр. Сайрагүлдің балалары сол жақтағы мектептерде оқыса, өзі мен жұбайы швед тілін үйренуде. 

[:]