[:kz]
Алматыда бейнебақылау камераларына түсіп қалған балабақша тәрбиешісінің әрекеті Қазнет қолданушыларын ашуландырған болатын. |
Ата-аналарының айтуынша балалары үйінен балабақшаға апайыма деп тәттілер алып кетеді екен.
Алайда, ол тәттілерді тәрбиешілеріне мені ұрмасын деп беретіні анықталды.
Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.
«Үйден алып кететін тәттілерді апайыма беремін деп алып кететін еді. Оны жақсы көргеннен береді деп ойлайтын едік. Сөйтсек қорыққандығынан мені ұрмасын деп береді екен. Масқара! Ұят! Бұл пара сияқты ғой. Балаларға обал ұрмасын деп бейшаралар кәмпит береді екен. Жүрегім-ай», —деп ашуланған бір топ ата-ана балабақшаның алдында баяндап берді.
«Видеодан көріп жүрегім езілді. Баламды оқтаумен ұрған, төрт аяқтап жерде құлап жатыр, сабақ оқы жаз деп сушидің таяғымен ұрып жатыр. Басынан тарелкамен ұрып жатыр, видеодан көрдіңіздер өздеріңізде. Баламнан сұрасам айтпайды. Бұл не сұмдық», —деді ата-ана.
Еске салсақ, әлеуметтік желіде балаларға қатыгездік танытқан тәрбиешінің видеосы жарияланған болатын. Басылым авторының айтуынша, балалардың еріні жырылып, денесінде көгерген іздер қалған.
[:]