АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Баланы ешқашан ата-әжеге беруге болмайды — танымал педагог-коуч [:]

[:kz]

Танымал педагог-коуч, ата-ана мен баланың қарым-қатынасын зерттеуші, «Төртеу түгел болса» жобасының спикері Ескендір Бестай бала тәрбиесінде жіберілетін қателіктер туралы айтты.

Оның айтуынша баланы ата-әжесіне беруге болмайды. Бұл туралы ол AdminAnon бағдарламасында мәлімдеді деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

— Менің әке ретіндегі үлкен қателігім — ұлымды ата-әжесіне беруім. Оның зардабымен әлі күнге дейін күресіп келеміз. Ата-әженің қолында өскен балада бостандық емес, бассыздық көп болып келеді. Бала — ата-әжеге қартайған шақтағы қуыршақ сияқты. Немеренің рахатын ата-әжесі көргенімен, оның салдарын ата-анасы тартады.

Ерте ме, кеш пе, ата-әжесі дүниеден өтеді. Сол кезде бала өзінің ата-анасының отбасына келеді. Сонда бала анасына — ана деп айта алмайды. Ата-анасымен ділдік байланыс болмайды. Осының салдарынан баланың бойында тұлғалық проблемалар болады, — дейді педагог-коуч. Ол ата-әженің қолында өскен бала ата-анасымен дұрыс араласа алмай, бауырларынан жырақтап қалады дейді. Бұл баланың қоғамда өз орнын табуға айтарлықтай зиянын тигізеді. Сондықтан да, әрбір ата-ана баласын тәрбиелеуге қателіктерге жол бермеуге тырысу керектігін ескертті. 

www.oinet.kz

[:]