[:kz]
Ақтөбедегі құрылыс нысанының маңынан денесі табылған 6 сынып оқушысының туыстары жанайқайын жеткізіп, құзырлы органдардан шұғыл шара қолдануды сұрайды. Олар баланы ит талап өлтірді дегенді алға тартып отыр. Ал баланың денесін алғаш тапқан күзетші KAZ.NUR.KZ тілшісіне көзімен көрген жантүршіктірер деректерді бөлісті.
Марқұм болған 12 жастағы оқушының туыстары қайғылы жағдайдың болғанын түнгі сағат 3-те ғана білген. Кешкілік әдеттегідей ойынға шыққан баласын таппай жүргенін айтқан анасы сағат кешкі 9-да полицияға хабар берген. Туыстары баланы ит талап тастағанына сенімді. Қайғыдан қан жұтқан әже өзінің жанайқайын жеткізді.
«Мен әжесімін. Немеремнен айырылып қалдым. Өзінің ажалынан, Алланың берген ауруынан кетіп отырған жоқ. Бұл иттен, қараусыз ит кесірінен қаза тапты. Шара жоқ. Немеремнің сондай зәбірмен қиналып, екі көзі жәудіреп, көмек болмай қиналып кеткеніне жүрегім қан жылап тұр. Адамның жаны қадірсіз, ит қымбат болып тұр. Иттің иесін тауып шара қолдануды сұраймын. Өзегім өртеніп барады. Ит атаулыны ату керек», — дейді баланың әжесі Нағима Валиева.
Нағима Валиеваның айтуынша, оқиға болған кезде баланың жанында кім болғаны белгісіз. «Баланы мешіт пен Есет батыр ауылының ортасында ит талаған. Өз пайымым бойынша, құрылысқа қарай жүгіріп, көмек сұрады ма? Білмеймін. Құрылыс қасында күзетші тауып алып, полицияға хабар берген.
Соңында мәйітханаға барды. Анасы медицина қызметкері. Баланы ақ матаға орап тастаған, басы қан болған. Баланың сау жері қалмаған. Менің біліп отырғаным сол. Жанында балалар болды ма? Олар қашып кетті ме? Білмей отырмыз. Шара қолдануды, ит атуды сұраймыз», — дейді баланың әжесі.
Жантүршігерлік оқиғаны алғаш көргендердің бірі — құрылыс күзетшісін де іздеп таптық. «Баланы ит сүйреп, шөптің арасына әкеп тастаған. Осы жерде түнімен жүрдік.
Бізде 4 күзетші бар. Мен аға күзетшімін. Баланың денесін бірінші әріптестерім көріп, мені шақырды. Жүгіріп бардық. Баланың сау жері жоқ. Ит іздері көрініп тұрды», — деді 3-мөлтек ауданының күзетшісі Сәбит Әуезов. Марқұм болған баланың анасы да қаңғыбас иттерге шара қолдануды сұрайды. Ал қайғылы жағдайға пікір білдірген Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Жақсығали Иманқұлов қызметінен кетуге әзір екенін хабарлады. «Жағдай қиын болып тұр. Ит саны көбеймесе, азаймады. Жауапқа кім тартылады? Әр адам өз жұмысына жауапты болуы керек. Облыс әкімінің орынбасары ретінде мен де жауаптымын. Облыстық ветеринария басқармасы, қалалық ветеринария стансасы, ветеринар маман жауапты. Осы жұмысты атқара алмадың десе, мен қызметімнен кетуге әзірмін»,- деді Иманқұлов. Ал аталған жайтқа қатысты облыстық полиция департаменті нақты шешім айтқан жоқ. «Алдын ала болжам бойынша өлімнің себебі жануардың тістеуінен болуы мүмкін», —
Ардақ Ерубаева
Ақтөбе
[:]