[:kz]
Отандық танымал актер әрі әзілкеш Нұрдәулет Шертім өмірінде болған қиын жағдайды есіне алып, алғаш рет ол жайлы егжелі-тегжейлі түрде айтып берді. Белгілі болғандай, өнер иесінің танысы оған қоқан-лоққы көрсетіп, қымбат көлігін тартып алған деп жазады KAZ.NUR.KZ. Нұрдәулет Шертім оған көлігін не себепті оңайшылықпен бере салғаны туралы бар шындықты айтты. Әзілкеш «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына сұхбат беріп, өзінің жан сырын ақтарды.
«Ер адамда қиыншылық та, қуанышты да жағдайлар болып тұрады. Үш жыл бұрын осы жаққа көшіп келер алдында басымнан бір оқиға өтті. Бандит-сымақ танысым көлігімді тартып алып кетті. Өмірде түрлі достар болады екен. Біреу шынайы дос болып, қайғы-мұңымен бөліседі. Ал кейбірі тек пайда үшін дос болады. Бандит деп айтқан адам өзім араласып жүрген танысым еді. Күніге көріспесек те, жылына бір рет кездесетінбіз.
Осы жаққа көшіп келер кезде білмеймін, олардың өз жоспары болды ма?! «Мына бала қараусыз жүр-ау, пайдаланып қалайық» деген сиқты ойлары болған секілді. Келген кезде әңгіме солай басталды. «Нұрдәулет сен менің ауылыма барып концерт беруің керек. Мен ағаларыма айтып қойдым» деді. Ал ол кезде менің ұшып келетінімді тек жақын достарым ғана білді. Мен ол жігітке ешқандай концерт жөнінде сөз берген емеспін. Ағаларына өзі уәде берген екен. Өзі жауап берсін. Оған соны айттым» , — деді актер. Алайда, әзілкештің сөздері оның танысына жақпай, ер адам онымен сөйлесуге өз інілерін шақыртқан.
Нәтижесінде барлығы жиналып, мәселені қаланың сыртында шешудә жөн көрген. «Сөзбе-сөз екеуміз ерегесіп қалдық. Сосын ол келіп, сөйлестік. Маған біраз нәрселерді айтты. Соңында «сен артық кеттің, мына көлікті қойып бересің» деді. Өзі қызып алған, немен қызып алғанын айтпай-ақ қояйын. Бір уақытта інілерін шақыртты. Олар да келіп, менімен ерегесті. Бірақ, жағдайымды айтып бергенде мені түсінгендей болды. Шілденің ортасы болған соң, мәселені судың жағасында шешуді жөн көрдік.
Әкесін есіне алған Тәуекел елді жылатты Сол жерге барғанда әңгіме басқаша болды. Мен олардың кино ойнағанын ұқтым. Олар мәселесін төбелеспен тәмамдауға бекінді. Бірақ, мен ол кезде ондайға дайын болмадым. Себебі, үш күннен соң жаңа жұмыс орнына баруым керек еді. Сол себепті, көлігімнің кілтін бердім де кеттім. Бала-шағамды орнықтырып, жұмысыма барған соң бұл мәселеге оралдым. Көлігімді қайтарып береді деп 8 ай күттім. Ол із-түзсіз жоқ. Ақырында полицияға жүгінуге мәжбүр болдым. Ол жігітті ұстады, қазір түрмеде отыр. Төрт жылға сотталды
[:]