АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Бәрі алғыс айтып жатыр: Айжан Байзақова не үшін өтірік той жасады?[:]

[:kz]

Күні кеше, 7 маусым күні, тұрмысқа шыққан Айжан Байзақованың өтірігі әшкереленді. Атышулы блогер мұның бар болғаны әлеуметтік эксперимент екенін айтты. Ол осы әрекетімен жалғызбасты аналарға қолдау білдіргісі келген екен, деп хабарлайды  Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Пранктер ұйымдастырған әлеуметтік эксперимент тура бір айға созылды. Ең алдымен, олар Байзақованың сырға салу рәсімінен видео жариялаған болатын. Кейін блогер желідегі парақшасы арқылы тойға дайындықтың қалай жүріп жатқанын бөлісіп отырды. Тіпті, бір күнге Нұр-Сұлтан қаласына маникюр жасату үшін ұшып барып келгені айтылды.  

«Барлығы менің тойға дейін жүкті болып қалғанымды біледі. Менің туысқандарым мен достарым осы үшін мені сынап, маған қысым көрсетті. Яғни тойға дейін бала туу дұрыс емес деген пікірді ұстанды. Меніңше, ең сорақысы — аборт жасау. Бастапқыда мені қолдамаған туыстарым қазір баламды ерекше жақсы көреді. Сіздер мен үшін үлкен сыйлық жасадыңыздар. 

Менің желіде оқырмандарым көп. Олар маған «Сен жалғызбасты анасың» деп бетіме басты. Меніңше, ұлың барда сен жалғыз емессің. Менің орнымда болып көрген, баласы бар, бірақ күйеуі жоқ әйелдерге қолдау білдіргім келеді. Балалар — біздің ең үлкен бақытымыз. Достар, мұның барлығының бар болғаны әлеуметтік эксперимент екенін айтқым келеді», — дейді Айжан Байзақова. 

Аталған экспериментке қатысты әлеуметтік желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі блогердің әрекетін қолдап, ақ тілегін жаудырса, екіншілері қыз-келіншектерді жалғызбасты ана болуға шақыру дұрыс емес екенін айтты. 

«Жақында интернетте атышулы Айжан Байзақованың байға тиетіні туралы ақпарат пайда болды: желіде жалаңаштанып аты шыққан блогерді аңдығандар инстаграмда оған сырға салғанын, кейін 7 маусымда өтетін тойына таратқан шақыру билеттерін көрді. Инстаграмдағы суреттерінің астына «Жаңылмайтын жақ жоқ, ол да əйел баласы, бақытты болсын» деп жарыса пікір қалдырған жұрттың бəрін «Байзақованы баласымен кім алады?» деген сұрақ мазалағанға ұқсайды.

Кеше 7 маусымда оның парақшасын аңдып отырғандар күтпеген жаңалыққа куə болды. Бір айдан астам уақыт желіде жұртты шулатқан Байзақованың байға шығатыны өтірік, бұған дейін жасағандарының бəрі Salem Social Media деген компанияның əлеуметтік эксперименті болып шықты. Масқара «Байсыз бала туғандарды қолдайтын не деген əлеуметтік эксперимент мынау?

Бұрын біреу ажырасыпты десе жерге кіріп кете жаздайтын қазақ едік, енді əкесіз бала туғандарға етіңіз үйренсін деп тұр ма мынау? Иə бала деген бақыт, бала байлық деп айтып тұрғаның рас, Байзақова, түсік жасатпауға үндегенің де дұрыс. Бірақ он екіден бір гүлі ашылмаған қыздарды байсыз бала тууға шақырма, қарағым. Өзің етегіңді жаба алмаған екенсің, өзгеге зияның тимесін, айналайын!

Подписчигім көп деп есірме, осы жерден тоқта! Salem social media, саяхатқа шығып көрмеген əжелерді шетелге апарып атың шығып келе жатқан компания, сен бе? Әжелерге əлемді көрсеткенің тым тəуір жоба болды, бірақ Байзақовамен бірігіп жасағандарың оңбады. Әлеуметтік эксперименттің көкесін көрсеткілерің келсе ауылға барыңдар, қазақтың менталитетіне келетін дүние жасаңдар», — дейді Алима Дауылбаева есімді желі қолданушысы. 

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Айжан Байзақованың тұрмысқа шыққаны туралы хабарлаған едік. Сондай-ақ, ол ұлының туған әкесінен бөлек азаматқа тұрмысқа шығатыны туралы айтқан-ды. 

Stan.kz

 

[:]