АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Бәрі бір мезетте болды — «Гелендвагенмен» соқтығысқан автобус жүргізушісі [:]

[:kz]

 

photo_37451 (1)Алматыда «Гелендваген» көлігімен соқтығысқан №63 автобустың жүргізушісі болған оқиғаның мән-жайын айтып берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  Жүргізуші Самат Дүйсенов 26 жаста. «Green Bus Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде істегеніне алты ай ғана болыпты. Бұған дейін өзге автопаркте істеген. Самат Дүйсеновтің айтуынша, ол Райымбек даңғылындағы автобус жолағымен жүріп келе жатқан. Жылдамдығы сағатына 50-60 шақырымнан аспаған.  «(…) Алдымнан «Гелендваген» атып шықты, мен оған, кейін бағанаға соғылдым. Не болғанын түсінбедім. Есімді жисам, адамдар мені жұлқылап жатыр. Аяғым қысылып қалыпты, айқай-шу. Есеңгіреп қалғанмын, не болғанын аңғара алмадым. Есім кіргенде біреу менің аяғымды алып шықпақ болып жатты. Қанша адам зардап шеккенін де білмеймін. Жедел жәрдем келді. Екі ер адам мені тартып, суырып алуға әрекеттенді. Одан кейін эвакуатор келді, автобусты оған тіркеп сүйреді. Көмектеспеді. Ақыры панельді сындырды. Аяғымды рөлге созды да, орындыққа бірдеңе істеді, сосын алып шықты. 10 минуттай арпалысқан шығар», — деп есіне алды жүргізуші.  Ал «Гелендваген» қандай жылдамдықпен жүргенін білмейтінін айтады ол.  «Қолым қан. Кешкісін есімді жиған кезде, қанша адам зардап шеккенін білдім. Бәрі біткен кезде жүрегім айнып, әлсірей бастадым. Жедел жәрдем шақырттым, мені ауруханаға алып кетті. Дәрігерлер аздап ми шайқалған, аяғым жараланған деді. Қайта жеңіл құтылдым», — дейді Самат.  Дүйсенов оқиғадан жарақат алғандарға әлі бармағанын айтады. Ол айыппұл тұрағына барған, ауруханада болып, сараптамадан өткендіктен уақыты да болмаған.  «Мұндайды ешкімге тілемеймін. Жарақат алғандардың барлығы сауығып кетсін. Алты жыл болды автобус айдағаныма. Мұнда істегеніме алты ай толды. Бәрі бір мезетте болды. Ешкім бұрылып үлгермейтін еді», — дейді ол. 
69c9ea809bb7539c432fd3fa780c5ce5 bf2933794bfc61ca1e3e125170b65351

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазір қираған автобус автопаркте тұр. 

kaz.tengrinews.kz

[:]