[:kz]
Алматы облысында 5 адамнан тұратын бір отбасының қайда екені белгісіз. Бұған қатысты қалалық полиция департаменті пікір білдірді.
Іздеу туралы ақпарат қоғам белсендісі Ислам Угушевтің Facebook парақшасында жарияланды.
Айтуынша, 41 жастағы Андрей мен 39 жастағы Наталья Чурилина, балалары 12 жастағы Ангелина мен 9 жастағы Давид, 7 жастағы Даниил бәрі нашар естиді. Ыммен сөйлеседі. Олар 2019 жылдың 4 тамызынан бері байланысқа шықпаған.
«Тұрақты мекен-жайда ешкім есік ашпайды. Көршілері олардың қайда екенін білмейді. Отбасындағы жандардың бәрі мылқау. Ыммен сөйлеседі. Ақ-сары келген. Ерлі-зайыпты ірі денелі келген. Іле өзеніне балық аулауға кетті ме деп отырмыз», — дейді Угушев.
Соңғы рет Чурулина әулеті 3 тамызда көріскен. Полиция олардың көлігі 4 тамыз күні Қапшағай жол бойындағы камераға түсіп қалғанын айтты.
«Алатау ауданының полиция бөлімінде жоғалған отбасы туралы арыз кеше кешке түскен. Дереу жедел-тергеу тобы құрылды, оның құрамына криминалды полиция өкілдері кірді. Техникалық құралдардың көмегімен отбасының болжалды орналасқан жері анықталды. Біз олардың тірі екеніне сенімдіміз» дейді полиция. Туыстарының айтуы бойынша, отағасы және оның отбасы мүшелері таза ауада демалғанды жақсы көреді. Мүмкін олар Алматы облысының аумағына демалуға кетіп, туыстарына ескерту жасауды ұмытып кеткен шығар. Қалай болғанда да, біз қолайлы нәтижеге ұмтыламыз. Анықталғаннан кейін қосымша ақпарат беріледі. Іздеу ісі ашылды», -деді Алматы қаласындағы ДП баспасөз қызметі.
/stan.kz
[:]