[:kz]
Оралдықтар Батырхан Шүкеновтің мүcінін қорлаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ibirzha.kz сайтына сілтеме жасап.
Батырхан Шүкеновтің құрметіне 2017 жылы Оралда орнатылған «Джулия» мүсінін жеткіншектер қорлап, жұрттың ашуын тудырған. Олар ескерткіштің басына отырып, ессіз әрекет жасады. Мұны көрген адамдар да наразылық танытты.
Халықтың сүйіті ұлын қорлағаны үшін жеткіншектер жауапқа тартылатын болады. Оларға 3-10 АЕК көлеміндегі айыппұл салынып, 10 күнге қамауға алынуы мүмкін.
[:]