АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Бас дәрігер мәйітті «1 тәулік бойы ешкім әкетпеді» деп жала жапқан науқасты сотқа берді[:]

[:kz]

Науқас алдымен дәрігер ешқандай көмек көрсетпей жатқанын, дәрі-дәрмек жоқ екенін айтқан.

Жамбыл облысында даулы видеодан кейін бас дәрігер науқасты сотқа берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Жамбыл облысында ауруханада жатқан науқас көрші палатада қайтыс болған әйелдің мәйіті бір тәулік бойы әкетілмегенін айтып, видео жариялаған болатын.

Сонымен қатар, Байзақов аудандық ауруханасының пациенті ауруханада жағдай жасалмаған деп шағымданды.

Жанжал жайлы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев та естіді. Ол бас дәрігер жұмыстан шығарылғанын, қазір науқасты сотқа беріп жатқанын айтты, деп хабарлады «Алматы» телеарнасы.   

«Байзақов ауданындағы жағдай бойынша комиссия құрылды. Не болғанын анықтаймыз. Науқас алдымен дәрігер ешқандай көмек көрсетпей жатқанын, дәрі-дәрмек жоқ екенін айтқан. Бір-екі сағаттан кейін ол тағы бір сұхбат беріп, асыра сілтеп жібергенін, бәрі жақсы екенін жеткізді. Бас дәрігерді жұмыстан шығардық, ол пациентті сотқа беріп жатыр, оның пікірінше, науқас жалған ақпарат таратып, аурухананың барлық дәрігеріне моральдық зиян келтірген», — деді Сапарбаев сәрсенбіде өткен баспасөз конференциясында. 

Облыс әкімі дәрігерлерге жала жаппай, қиын-қыстау күндері олардың еңбегін бағалау керек екенін атап өтті.

«Алматы» телеарнасы шынымен де аудандық ауруханада марқұмның денесі болғанын анықтады. Туыстары мәйітті қабір дайын болғанша қалдыра тұруды өтінген, себебі ауруханада пневмониядан қайтыс болған адамдарға арналған мәйітхана жоқ. Бас дәрігер қайтыс болған адамның денесін туыстары 3-4 сағаттан кейін алып кеткенін хабарлады. 

[:]