АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Бас прокуратура митингтер туралы: Бұзушылықтарға жол бермейтін шаралар бұдан әрі де қабылданады[:]

[:kz]

Бас прокуратура елімізде заңсыз жария акцияларға жол берілмейтіндігі туралы ескертті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бас прокуратура мәліметінше, жекелеген адамдар заңды талаптарға бағынбай, полиция қызметкерлерін арандатып, оларға шабуыл жасаған. Сонымен қатар жүргіншілердің, әйелдер мен балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген көрінеді. Осыған байланысты, құқық қорғау органдары қоғамдық тыныштықты сақтауға және азаматтарды қорғауға бағытталған шаралар қабылдады.

Ведомство бұл ретте арнайы құралдар қолданылмағанын атап өтті.

«Құқық бұзушылар полицияға жеткізіліп, сот тәртібінде әкімшілік жауапқа тартылды. Заңсыз акцияларға және тыйым салынған ұйымдардың қызметіне қатысу Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 488-бабына, Қылмыстық кодексінің 400 және 405-баптарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғатынын түсіндіреміз», — делінеді хабарламада.

Құқық қорғау органдары бұдан әрі де осындай бұзушылықтарға жол бермейтін және оларды болдырмау үшін заңмен көзделген шараларды қабылдайтын болады.

 Stan.kz

[:]