[:kz]
Барлық мектеп ата-аналар жиналысын өткізудің жаңа форматына көшу керек. Бұл туралы Асхат Аймағамбетов министрліктің жедел отырысында мектептердегі тәрбие жұмысы мәселесін қарау барысында айтты деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Ата-аналарды жинап алып, басқа адамдардың көзінше баланың үлгерімі мен тәртібін талқылаудан арылған жөн. Оның орнына жеке, топтық немесе ұжымдық форматта ұйымдастырған тиімді. Әрбір ата-ана педагогтен өз баласының жетістіктері мен әлсіз тұстары туралы толық ақпаратты ала алатындай жағдай жасауымыз керек»,– деді министр.
[:]