[:kz]
Ресей астанасы Мәскеудегі сұлулық салондарының біріне келген әйел қызметкерлерді қайран қалдырды. Ол мысығының ернін үлкейтіп беруді сұраған.
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агентігі Life порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Басылымға жүгінген сұлулық салоны қызметкерінің сөзінше, оқиға 27 қыркүйекте орын алыпты. Салонға мысығын алып келген әйел оның ернін үлкейтіп беруді сұраған.
Салон қызметкерінің сөзінше, әйел жануарлардың да әдемі болуға құқығы бар екенін, сондықтан сүйікті жануарының ернін үлкейткісі келетінін айтқан.
«Жануарлардың да әдемі болуға құқығы бар. Оның басқа мысықтарға ұнағанын қалаймын», — дейді әйел басылым жариялаған видеода.
Алайда салон әкімшісі жануарларға мұндай қызмет түрі көрсетілмейтінін айтқаныман, клиент айтқанынан қайтпай, шу шығарған.
Салон қызметкерінің айтуынша, артынша салонға келген тағы бір клиент мысықты қорғап, оны полиция келгенше иесіне бермеуді сұраған. Осы кезде ашуға булыққан әйел әкімші мен клиентке жұдырық ала жүгірген. Мұнан кейін мысығын тартып алып, қашып кетіпті.
Десе де басылым бұл тек сұлулық салонындағылардың нұсқасы екенін атап өтті.
«Редакиця аталған жағдайдың пранк немесе қойылым болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды», — делінеді басылымда.
[:]