АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]«Баспалдақ үстінде көптеген денелер жатты»: Әскерилерді құтқарған кәсіпкер өз көзімен көргендерін айтып берді [:]

[:kz]

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

Дамир Аманжолов Forbes Kazakhstan тілшісіне бірінші кезекте адамгершілік үшін күрескенін жеткізді. Әлеуметтік желіге тек әскерилерді құтқарған видеосын жүктепті. Бірақ қарапайым адамдарды да шығарғаны жайлы көптеген жарияланбаған видеолар бар көрінеді. Өзі құтқарып алып шыққан адамдардың кім екенін білмейді, мүмкін олар тонаушы болған шығар. Олар көмірқышқыл газынан уланып жатқан. «Әскери адамдарды іздеуге әкімдікке жүгіріп бара жатқан кезде, баспалдақтың үстінде көптеген денелер жатты. Әкімдіктің ішінде тонаушылар да болды»,- деді кәсіпкер.

«Менің ойымша, бұл тонаушылар. Себебі олар компьютерлерді, мүліктерді шығара бастады. «Неліктен олар адамдарды шығармайды?» деген сұрақ туындады. Біреуді кінәлау үшін өзіңізді соның орнына қойып, ойлануыңыз керек. Мен солай істедім. Ол компьютерді алып жүгіріп бара жатыр. Адамды немесе компьютерді шығарған дұрыс па? Ол тонаушы. Әрине, ол компьютерді шығарады. «Мен қай елде, қай қалада өмір сүріп жүрмін?» деп ойландым. Бізде адамгершілік жоқ па? Дегенмен мен адамгершілігі мол жандардың бар екенін түсіндім. Бірақ олар үйде немесе алаңда болды. Бұл жағдайда бейбіт адам бірінші кезекте затты емес, адамды алып шығаратын еді.  Бейбіт адамдар әкімдікке шабуыл жасаған жоқ, заттарды ұрлаған жоқ. Олар әкімдікте болмады, бірақ мен олардың орнына барлық игі істерді жасадым», — деді кәсіпкер

«Видеоға зардап шеккен адамдарды шығарып, естерін жиғызғанымды түсірген жоқпын. Бір уақытта адамды қалай есінен жиғызып, әрі видео түсіре аламын? Адамдар маған жасаған ісіңді дәлелде дейді. Мен өтірік айтып, оны дәлелдей алмаймын. Бұл менің мүддем емес» — деді Дамир Аманжолов.

Сұхбаттың толық нұсқасын Youtube желісінде көруге болады.

 

[:]