[:kz]
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мөлдір Әуелбекова жаңа сахналық образын көрсетіп, қалың көпшіліктің сынына ұшырады. Екінші рет тұрмысқа шыққалы жабық киініп жүрген әншінің мұндай стилі елге жақпай қалған сыңайлы деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Мөлдір Әуелбекова Instagram желісінде жаңа видеосымен бөлісіп, ойламаған жерден халықтың қызу талқысына қалды.
Көпшілік өнер иесінің таңдаған образына шүйлігіп, оған қатысты кері пікірлерін жаудырған. Бейнежазбада әншінің басына қара түсті орамал мен қара көйлек киіп алғанын көруге болады.
Желідегілер жабық киініп жүрген эстрада жұлдызының аяғы ашық тұрғаны үшін сынап тастаған. Олар әуретті жерін ашып, белін айшықтап тұратын көйлек киген Әуелбекованың стилін ерсі деп санады.
«Осылай жабысқан киіп, орамал тартқаннан не пайда?» , «Басы жабық, аяғы ашық» , «Мынау несі? Ираннан келген әнші ме?» , «Қай жері әдемі? Қап-қара болып оранып алған несі, маған бұрынғы Мөлдір Әуелбекова ұнайды» , «Не мынау мұсылман емес қо қап-қара болып басына дейін», «Роза Әлқожа да орамалын тастады. Уәдені үйіп төгіп берген еді. Сен де қашанға дейін шыдар екенсің. Жайлап кепкадан бастайсың», «Орамал тағудың мағынасын білесіз бе? Әуретті жерлер жабық болу керек» , — деп жазды олар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетейік, бұған дейін Мөлдір Әуелбекова өз жолдасына ыстық сезімін білдіріп, оған аса әсерлі ән арнаған болатын. Оған қоса, өнер иесі күйеуі оның сахнаға шығуына рұқсат еткенін айтып, барша жанкүйерлерін қуантты
[:]