[:kz]
Батыс Қазақстан облысында жасы 14-тен асқан оқушылар жазғы демалыста айына 42 500 теңгеден ақша таба алады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.
Бұл бастама «Менің аулам – менің бақшам» жобасы аясында іске асырылмақ. Орал қаласы мен Батыс Қазақстан облысы 12 ауданының мектептері осы идеяға қолдау білдірген. Белгілі болғандай, оқушылардың ата-анасы келісім берген жағдайда жаз бойы бау-бақшада еңбектенеді «Жобаға қаланың жеті мектебі қатысады.
Оқушыларға үш ай демалысты тиімді және пайдалы өткізуге мүмкіндік бергіміз келеді. Орал қаласының жұмыспен қамту орталығы 120 оқушыға 42 500 теңге төлейді», — деді қалалық білім бөлімінің қызметкері
[:]