[:kz]
Ерке Есмахан Мысырдағы демалысы кезінде өзіне ессіз ғашық болып, соңынан қалмай қойған азаматты көрсетті. Отандық жұлдыз күнделікті таңғалдырудан шаршамаған жігітке аз уақыт аралығында бауыр басып қалғанын да мойындады деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Эстрада әншісі Мысырдағы демалысында өзінің асты-үстіне түсіп күткен ер адамды көрсетті. Ол Instagram парақшасында өзіне ғашықтық сезімін білдірген азаматтың суретін жариялап қойған.
Өнер иесін қатты сүйіп қалған жігіттің есімі Антонио болып шықты. Ерке Есмаханның айтуынша, мысырлық жігіт оның шетелде өткізген әр күнін гүлдендірген.
Алайда, қанша тырысқанымен ол қазақ қызының жүрегін жаулай алмаған. Отандық жұлдыз өзі үшін ішкен асын жерге қоятын азаматқа көңілі неге аумағанын да түсіндірді.
Таныдыңыздар ма? Бір көргеннен ғашық болу деген осы шығар! Демалысқа келгеннен менің әр күнімді гүлдендіріп жүрген Антонио деген осы жігіт! Стористан бәрін көріп жүрсіздер ғой! Күнде сюрприз күнде Принцеска!
Негізі ақ көңіл, жақсы жігіт! Өзім де бауыр басып қалдым! Тек мейлі таз болса да ақшасы аз болса да дегеннің кейпі боп тұр.Ал негізі реңі мен фигурасы біздің Нұрболат Абдуллин сияқты болғанда қала салатын едім қасында! Бірақ қайтам деп шештім» , — деп жазды Ерке.
[:]