[:kz]
«Nur Otan» партиясының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек өткен айдың соңында жарылыс астында қалған Арыс қаласына барды. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жариялады деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Фото: instagram.com/baibekbk
«Төтенше жағдайдан үйлері зардап шеккен отбасылармен кездесіп, ешкімнің назардан тыс қалмайтынын, мемлекет тарапынан бәріне бірдей қолдау көрсетілетінін айттым. Соған байланысты Елбасы мен мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес нақты шаралар қолға алынып жатыр», — деді ол.
Фото: instagram.com/baibekbk
Фото: instagram.com/baibekbk
Оның сөзінше, қазірдің өзінде жүзден астам құрылыс компаниялары мен мың жарымнан астам маман келіп, жұмысты бастап кеткен.
Фото: instagram.com/baibekbk
Фото: instagram.com/baibekbk
Бұл істе «Nur Otan» партиясы тарапынан қоғамдық және партиялық бақылау күшейтілмек. Апта сайын қалпына келтіру жұмыстарының барысы туралы ақпараттар жарияланып отырады.
Фото: instagram.com/baibekbk
[:]