[:kz]
«Барселона» футбол клубының бас бапкері Кике Сетьен «Бавариядан» 2:8 есебімен жеңілгеннен соң қызметінен босатылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Eurosport.ru сайтына сілтеме жасап.
«Барселоны» клубының президенті Жозеп Бартомеу Кике Сетьеннің бас бапкерлік қызметтен кеткенін растады. Кике Сетьен клубтың бас бапкері болып осы жылдың басында ғана тағайындалған болатын.
Ол қаңтар айында қызметін босатылған Эрнесто Вальверденің орнына келген еді. 61 жастағы маман алты айдың ішінде бірде бір жүлдеге ие болған жоқ. Айта кетейік, Испания біріншілігінде «Барселона» клубы Зинедин Зиданның шәкірттері мадридтік «Реалға» есе жіберіп, екінші орынға табан тіреді. Осылайша корольдік ұжым Ла Лиганы 34-рет ұтып, Испания тарихында жаңа рекорд орнатты. Ал Чемпиондар лигасының ширек финалында каталондық ұжым мюнхендік «Баварияға» ойсырай жеңілді.
Неміс клубы Кике Сетьеннің командасына жауапсыз сегіз гол соқты. Жалпы есеп: 2-8. Осыдан кейін әлеуметтік желіде «Барселонаның» бас бапкерін сынға алғандар еселене түсті. Олар жеңіліске кінәлілердің бірі жаттықтырушы деп санайды.
Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстан футбол құрамасының капитаны Бауыржан Исламханның Біріккен Араб Әмірліктерінің чемпионатында өнер көрсететін командамен үш жылға келісімшартқа отырғанын жазған болатынбыз. Отандасымыз «Аль-Айн» клубымен келісімшартын ұзартқан.
[:]