[:kz]
Баян Алагөзова алғаш рет тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы фильм түсірмек. Алайда ол үшін жүз миллион теңге қажет екен. Бұл қаржыны қалтасы көтермейтін продюсер халықтан ақша жинай бастады
Бұл туралы «Жұлдыздар жарқырайды» бағдарламасында айтылды.
«Фильмнің сценарийі өмірден алынған. Бұл менің оқиғам емес. Бәрімізге ортақ қайғы. Ендеше зорлық-зомбылықты тоқтататын, еркектерге ой салатын, заңды өзгерте алатын жобаға қосылыңыз. Мен тек оның құдіретіне сенемін. Жиналатын ақша 100 млн теңге. Сіз берген 1000 теңге ортақ іске, әйелді қорғауға қолданылады», — деді Алагөзова көпшілікке айтқан үндеуінде.
Баян ханымның айтуынша, фильм өз отбасында психологиялық, экономикалық және физикалық зорлық-зомбылыққа ұшыраған миллиондаған адамның тағдырына негізделген.
«Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жылына 500 әйел көз жұмады. Түрмеде отырған әйелді көбі таяқ жеп, өзін қорғауға тырысқан жандар. Не өлесің, не өлтіресің. Өмір талабы. Қазақстан суицид саны бойынша әлемде алғашқы орындардың бірінде. Бірақ біз ол туралы айтпай келдік. Әрі қарай мен бәрін айтамын деп шештім», — деді продюсер.
Орыстілді Алагөзова бұл сөзін қазақша айтты. Киноның қашан түсірілетіні белгісіз.
Айта кетейік, Алагөзова бұған дейін өзі түсірген киноларға сын айтқан Мейрамбек Бесбаевтың бетін қайтарды. Қатысы жоқ іске басын сұқпасын деп жауап қатты.
[:]