[:kz]
Баян Алагөзова жыныстық сауаттылық туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The real gapбағдарламасына сілтеме жасап.
Белгілі продюсер барлық нәрсені қыз балаға жүктеп қоямыз деп ашынды. Ол қазақ қоғамындағы ер мен әйелдің арасындағы теңсіздікті айта келе, ұлдарға барлығына рұқсат берілгенін түсінбейтінін жеткізді.
«Қыздарға ана жеріңе ие бол деп айтамыз. Ал ұлдарға айтпаймыз. Өйткені оларға бәрі рұқсат. Ал жауапкершілікті қыз алады. Тек қыз байқұс қана абортқа барып, денсаулығын құртып жүреді», — деп ашында Баян Алагөзова.
Қызға шектеу қойсақ, ұлдарға да шектеу қоя алуымыз керек екенін айтты ол. Сол үшін жастайынан әрбір ата-ана баласын жыныстық сауаттылыққа үйретуі керек, олай жасамасақ болашақты елестету мүмкін емес дейді продюсер.
«Ал ұл тәрбиелеп отырған аналар ұлдарына дәріханаға барып, қажетті нәрсені алу керек екенін түсіндірмейді. Бізде бұл жабық тақырып. Балаларыңды жыныстық сауаттылыққа үйретіңдер. Болашақ ұрпақты аяу керек», — дейді Баян Алагөзова.
[:]