АЛТЫНОРДА
Шоу бизнес жаңалықтары

[:kz]Баян Мақсатқызы Қайрат Сатыбалды мен әйелі күйеуінің бизнесін тартып алғанын айтты (ВИДЕО)[:]

[:kz]

 

Қайрат Сатыбалдының әйелі Гүлмира Сатыбалды кәсіпкер Тұрсын Алагөзовтің компаниясын рейдерлік жолмен тартып алған. Бұл туралы Алагөзовтің қазіргі әйелі, белгілі продюсер Баян Мақсатқызы Instagramдағы парақшасына жазды деп хабарлады turkystan.kz.

«Менен бұл рас па, шын мәнінде қалай болды?» деп жиі сұрайды. Біз бұл сұрақтарға жауап беруге, тиісті ақпараттарды ұсынуға дайынбыз. Оның барысында даулы фамилиялар аталатын болады. Бұл оқиғаға азаматтарымыз таңғалады деп ойламаймын. Өйткені мұндай жағдайға елімізде жүздеген кәсіпкер тап болып, белгілі адамдар қысым жасағандықтан, сотқа шағымдана алмаған. Мен Galanz Bottlers компаниясын рейдерлік жолмен тартып алған адамдар мен олардың сыбайластарының барлығының аты-жөнін атаймын. Жақын күндері тергеу органдарына бизнесті тартып алуға байланысты барлық қажетті дәлел беріледі», – деді Баян Мақсатқызы.

Сондай-ақ ол Қайрат Сатыбалды мен оның әйелінен зәбір көрген өзге де адамдар туралы біле түскенін, бизнесін жоғалтқан адамдардың атын естігенде қоғам шок болатынын жеткізді.

Айта кетсек, Тұрсын Алагөзовтен тартып алынған аталмыш компанияға «Maxi чай», «Sevens», «Перво квас», «Aloe» шырыны сынды сауда маркалары кірген.

Сонымен қатар, 2021 жылғы 23 маусымда Айгүл Мекешова атты келіншек өзінің құны 1 миллиард теңгеден асатын бизнесін Гүлмира Сатыбалдының тартып алғанынын мәлімдеген болатын.

[:]