[:kz]
— Мен он алты жасымда алғаш рет киноға түстім. Ол шағын әрі жарқын эпизодтағы «Мираж қыздың» рөлін сомдап шықтым. Бұл қандай фильм екенін білесіздер ме!? — деді Баян Мақсатқызы. Баян Мақсатқызының жас күнін көрген көпшілік оған жылы лебіздерін білдіріп, қолдауда. «Сұлулық — өнер. Әдемі қартая білу — еңбек. Сізге күш пен денсаулық тілеймін!», «Кішкентай қызыңыз өзіңізге ұқсапты», «Түк өзгермегенсіз. Баяғыдай жап-жассыз ғой», «Кукла Барби болып тұрсыз», «Дәл қазіргі — Айару», «Ол кезде табиғи сұлулық басым ғой қазіргіге қарағанда», «Сондай сүйкімді», «Кішкентай қызы деп ойлап қалдым» — деп жазды желі қолданушылары.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
[:]