[:kz]
Төреғаи Төреәлі сын астында қалған Қайрат Нұртасты қолдауға шақырды. Тойға Қайрат Нұртастан басқалар да барып жатыр деп ақтады. Одан бөлек бұл полицейлер үшін тиімді бизнеске айнады деп күйінді.
«Соңғы екі-үш күнде Қайрат Нұртас той үстінде ұсталды деп тура қылмыс үстінде қандықол қарақшы ұстағандай ұрандатып жүргендер бар.
Шын өнер адамы шақырса, қандай ортаға болсын барып, өнер көрсетуді парыз санайды.Роза апаларымыз оқ жауып тұрған соғыста танктің үстінде ән айтқан ғой. Туберкулез жайлаған түрмеден бастап, жемқорлық жайлаған мінбеге дейін құрметтеп шақырса барасың.
Оның жанында басшылықтан бастап, бүкіл жүйе дұрыс күреспей отырған ковидтен Қайрат қана сақтануға міндетті емес шығар? Вирустан емес, биліктен тығылып, жалтақтап жасырын тойлап халық жүр.
Халықты бұл үшін жазғыруға болмайды. Себебі, небір қиын қыстау кезеңдерде думанын тарқатпай, «бұдан жаман күнімде тойға барғам» деп мәтелдеген дархан халықпыз! Махаббат карантинге қарамайды!
Отау құрған жастардың ниетін қолдап, жұртты жиып, некені көпшілікке жариялау діннің де, дәстүрдің де міндеті. Ата-ана ол міндетті орындау үшін қандай жағдайда да жол табатыны белгілі», — деп жазды Төреғали.
Әнші карантин талаптарын сылтау етіп, өз қалтасына ақша басып жүргендердерді айыптады. Халық тойда ғана емес, көшеде де, базарда да толып жүр де күйінді.
«Қазіргі тауда, табиғат аясында, тойханаларда «жасырын» өтіп жатқан тойлар соның дәлелі. Иә, тырнақшадағы жасырын той! Бәрі белгілі, әрі соған жол беріп қойып білмеген кейіп танытқан жемқор жүйенің ойыны бұл!
Сорлайтын сол қара халық! Ковидті сылтауратып Әкімшілік пен Участковый тойды өз бизнестеріне айналдырып алды. Ресторан қожайындары беретінін беріп, «крышасы» табылғанда ғана «жасырын» жұмысын бастайды.
Солай гарантиямен тойын қабылдағанын клиенттерден естіп жүрміз.
Әрі той үстінде тексеріп келгенде қонақтарды таратпай, «өзара келісіп» жалғасын тапқан тойларды да көзіміз көрді. Бұған да үйреніп қалдық. Бірақ түсінбейтінім базарларда иін тірескен жұрт жүргенде, мешіттердің аузында құлып тұрды.
Тамақтанатын кафе-ресторандарда орын жоқ кезде, тіпті түнгі клубтардың да жұмыс жасап жатқанында, қоғамдық моншаларда кемі 50 ден 250 ге дейін адам араласып жуынып жүргенде де, той жасауға рұқсат бермеді! Бұл қарапайым халықты қалайда тығылып той жасап, жамағатсыз ғибадат жасауға қолдан ұйымдастырған әрекет», — деп жазды әнші.
Бұған дейін Қайрат Нұртас Семейдегі тойда көргені туралыақпарат пайда болды. Полиция әртіске қатысты материалдар жиналып, процессуалдық шешім қабылдау үшін санэпидбақылау басқармасына жіберілгенін хабарлады.
Кейін эстрада жұлдызы мейрамханада болған оқиғаға қатысты пікір білдірді.
[:]