АЛТЫНОРДА
Шоу бизнес жаңалықтары

[:kz]Бэйби-бум: 2021 жылы сәбилі болған танымал жұлдыздар[:]

[:kz]

Қыркүйек айының басында әнші Тамара Асар қызды болды. Тұрмысқа шыққанын біразға дейін жасырған әншінің босанғанын естігенде көпшіліктің таңырқағаны рас. Десе де, тұңғышынан кейін 19 жылдан кейін сәби сүйген әншіге көпшілік жылы лебіздерін жолдады. Тамарадан бөлек, биыл бірқатар шоу-бизнес пен кино саласының өкілдері сәбилі болды. Stan.kz ақпарат агенттігі 2021 жылы сәбилі болған танымалдар тізімін ұсынады.

Жаздың соңғы айында Төлеповтер шаңырағы екі бірдей жігітпен толықты. 3 тамыз күні Асылхан Төлепов ұлды болса, 14 тамыз күні Артур екінші мәрте әке атанды. Асылхан Төлепов екінші ұлына өзінің лақап атын берді. «Жаужүрек мың бала» фильмінің жұлдызы бүгінде Алпамыс, Ахан есімді қос ұл тәрбиелеп отыр. 

Маусым айында Төреғали Төреәлінің бесінші перзенті дүниеге келді. Әнші атұстарына ТөреМұхаммедӘли деп есім берді. Көпбалалы әке атанған Төрештің бүгінде 3 қыз, 2 ұлы өсіп келеді. 

Дәл осы айда Төреғалидің сахналық жұбы Мөлдір Әуелбекова екінші рет ана атанды. Салтай есімді ұл тәрбиелеп отырған әнші бұл жолы қыз босанды. Көп ұзамай, әнші екінші күйеуімен дәм-тұзы жараспай, ажырасқанын хабарлады. 

Ызғарлы қарашада әзілкеш, актер Нұрболхан Шарапов егіз қыздардың әкесі атанды. Ыстамбұлға жұбайымен демалысқа барған ол жұбайының аяқ астынан босанып қалғанын айтқан еді. Бүгінде актердің үш қызы өсіп келеді. 

Тележүргізуші, актер Бауыржан Сатовқа тұрмысқа шыққан Альбина Шардарова биыл екінші қызын дүниеге әкелді. Өнер иесі сәбиін өзіне ұқсатып Альфия деп атады.

Екінші рет тұрмыс құрған актриса Сая Оразғалиева желтоқсанның басында ұлды болды. Актрисаның бүгінде қос атұстары өсіп келеді. 

Сәуір айында тележүргізуші Айгүл Мүкей үшінші сәбиін босанды. Ол 40-тан асқан шағында ұлды болды.

Актриса Гүлнар Сілбаева тамыз айында тұңғышын дүниеге әкелді. Уақытынан екі ай бұрын босанған актриса біраз уақытқа дейін бұл жаңалықты көпшіліктен жасырып келді.

Ең танымал қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова да биыл алғаш рет ана атанғандардың қатарында. Кинопродюсер Саят Салманұлына тұрмысқа шыққан ол ұл баланы өмірге әкелді.

Сондай-ақ, биыл сәбилі болғандардың қатарында әнші Кентал, актриса Мәдина Оспан, Айжұлдыз Адайбекова, тележүргізуші Тимур Балымбетов те бар. Ал ай-күні жақындап, сәбиін бауырына алуды күтіп жүрген бикештердің қатарында: Айсәуле Бақытбек, Салтанат Бақаева, Айнұр Ілиясова, Әсел Асқар мен Жәния Джуринская бар.

[:]