АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Бейсен Құранбек: Алты жыл қарбаласпен жүріп, жақындарымның көңілін қалдырдым[:]

[:kz]

Халықтың жүрегінен орын тапқан “Қарекет” бағдарламасында болған өзгеріс жұртты елең еткізбей қоймады. Алты жыл бойы (алғашқыда “Айтуға оңай”, одан беріде “Қарекет”) бағдарламаны жүргізген Бейсен Құранбектің тізгінді өзге әріптестеріне ұстатуы қоғамда қызу талқыға түсті, деп жазады Stan.kz тілшісі.

Әр кеште көгілдір экранға телміріп, тележүргізушіні жақынындай көріп кеткен халық “Бейсен Құранбекті қайтарыңдар” деп дабыл қағуда.

Бұл орайда тележүргізуші көптің көкейіндегі сауалдарға жауап беріп, алты жыл өмірінің арпалыспен өткенін, осы уақыт аралығында жақындарына көңіл бөле алмағанын айтты.

“Алты жылым арпалыспен өтіпті… Аптасына бір xабар жасаудың өзі оңай еместігін телеарнаның айналасында жүрген адамдар жақсы біледі. Ал 4-5 xабар дегеніңіз, бұл – денеге де, жүйкеге де ауыр салмақ. Оның үстіне қиын тағдырлар туралы қиналмай айту жүрегі бар адамға мүмкін емес”, – дейді тележұлдыз.
Құранбектің айтуынша, бағдарламаны әрі қарай да сол қалыпта жалғастыра беруге болар еді. Алайда тележүргізуші де, бағдарлама авторлары да өзге де маңызды жайттарға назар аудару керектігін, өзгеріс керектігін түсінген.

Тележүргізуші бұл жолы телеэфирдегі жаңалықтар жайлы айтқысы келмейтінін, тек жақындарынан кешірім сұрағысы келетінін жеткізді.

“Қарбаласпен жүріп, талай жақын адамымның, достардың, туыстардың, таныстардың көңілін қалдырдым. Қуанышына бара алмадым, қайғыда қасында бола алмадым, тіпті туған күндерінде қанша адамға телефон да шалмадым… Қазір ойлап отырсам, соның бәрінде өзімді “жұмыстан қол босамай жатыр ғой” деп ақтап алыппын. Көңіл дейтін өте нәзік, адам деген өте қымбат, өмір деген өте қысқа дүние екенін ұмыта жаздаппын… Кешіріңіздер”, – деп жазды ол.

stan.kz

[:]