АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Бейтаныс әйел ертіп жүрген: Нұр-Сұлтанда жоғалып кеткен бала табылды[:]

[:kz]

Нұр-сұлтанда жоғалып кеткен бала Қостанай облысынан табылды.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеп Stan.kz хабарлайды.

«2019 жылдың 1 маусымында Ұзынкөл аудандық полиция бөлімінің аудандық полиция инспекторы Асылбек Молдағалиев операциялық-профилактикалық іс-шарасы кезінде баланы ерткен бейтаныс әйелді байқайды. Полиция қызметкері әйелдің кімге келгенін сұрай бастады. Әйел жауаптарынан шатасып, өзін басқа атымен таныстырды. Құжаттарды тексергенде, есімінің басқа екені белгілі болды. Баланың Нұр-Сұлтанда іздеуде тіркелгені анықталды», — делінген хабарламада.

Баланың анасы ата-ана құқығынан айырылған және баланы заңсыз алып кеткен екен. Полиция баланы әкесіне, заңды өкіліне табыстады.

Stan.kz 

[:]