[:kz]
Бейжің Олимпиадасында шорт тректен әйелдер арасында іріктеу кезеңдері өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. 1000 метр қашықтықта ел намысын Ольга Тихонова қорғады.
Ол жарыс кезінде қарсыласымен соқтығысып, құлап қалды. Осыған қарамастан спортшы бәсекені әрмен қарай жалғастырып, бір шақырымды 1 минут 56 секундта жүгіріп өтті.
Айта кетейік, Ольга Тихонова енді 16 ақпан күні 1500 метрде сынға түседі. Ольга Тихонова туралы не білеміз? Ол 1997 жылдың 23 қазанында Қостанай облысында дүниеге келген.
Халықаралық дәрежедегі спорт шебері және Қазақстан чемпионы. Ольга 2019 жылы Қостанайда өткен Қазақстан чемпионатында 1 шақырым және 1500 метрде бірінші орынға ие болған. Халықаралық аренадағы ең үздік нәтижесі Германия мен Жапонияда өткен әлем кубогы кезеңдеріндегі бесінші және алтыншы орындары.
[:]