АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Bek Air басшысы: Отанымызда орын табылмаса, Қырғызстанға кетеміз[:]

[:kz]

Алматыдағы ұшақ апаты: 27 желтоқсан күні ұшағы апатқа ұшыраған Bek Air әуе компаниясының басшысы Қазақстанда ұшуға тыйым салуға қатысты қауесетке жауап берді. Нұрлан Жұмасұлтанов мұндай жағдайда басқа мемлекетке кететінін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 
 
Кадр: youtube.com

Кадр: youtube.com

Bek Air басшысының сөзінше, әуе компаниясына туған елінде ұшуға мүмкіндік берілмесе, басқа мемлекетте қызмет бастауға тура келеді деп хабарлайды Liter.kz.

Бұл Қырғызстан болуы әбден мүмкін. Алдағы уақыттағы жағдайларға байланысты барлығы нақтыланады.

Bek Air басшысы: Отанымызда орын табылмаса, Қырғызстанға кетеміз

«За нами уже выехали» Youtube арнасына берген сұхбатында Нұрлан Жұмасұлтанов командирдің талабы бойынша шын жүректен келіп, барлығын мойындауға әзір екенін айтты.

Оның сөзінше, сол күні таңертең тұрақтандырғышы үзіліп кеткендіктен,ұшақ өзін «жан-жаққа лақтыра бастаған».

Ол авиаторларда жүз пайыз қауіпсіздік ұшақ жер бетінде тұрған кезде ғана қамтамасыз етілуі мүмкін екенін атап өтті.

Өкінішке қарай, төтенше оқиғалар болмауы мүмкін емес. Бірақ, статистикалық мәліметтерге қарағанда, көліктің бұл түрі ең қауіпсіз болып қала бермек.

Сондай-ақ, Жұмсаұлтанов комиссия болған жағдайға әуе компаниясын кінәлі деп тапса, кім жазаға тартылатынын да түсіндірді.

«Мен сіздерге айтайын, ұшқыш өз ісін дұрыс атқарды. Егер әуе компаниясы кінәлі болса, өз жігіттерімді ренжітуге жол бермеймін. Олар үшін өзім отырып (абақтыға- ред) шығамын. Менің қарамағымдағылардың біреуі де отырмайды (абақтыға- ред) . Қайтыс болған ұшқышты да кінәламаймыз, ол ұшақты дұрыс басқарды»,- деді ол.

Еске сала кетсек, 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырады.

Қайғылы оқиға салдарынан 12 адам қаза тауып, 49 адам әртүрлі жарақат алған.

Кейіннен Bek Air әуе компаниясы брифинг ұйымдастырып, қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты. Олар апатқа себеп болуы мүмкін нұсқаны да атады.

 

[:]