АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]Бекболат Тілеухан: Жақында бір бауырым өте қымбат көлік сыйлады, оның құнын айта алмаймын[:]

[:kz]

 

Бекболат Тілеухан саясаттан бөлек отбасы, көлігі мен жеке көзқарастары жайында ашық баяндады. Әнші бүкіл тағдырына риза. Халық сынаған сайын одан ләззат алады. Ел есінде құдайшыл, турашыл адам ретінде қалғысы келеді. 

Бұл туралы “Жиырма бесінші сағат” бағдарламасында айтты деп хабарлайды  Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Маған Ауғанстанға елші бола ма деген сиякты кекесіндерді айтып жатады. Оның артында мені мазақ ету ойы тұрғаны көрініп тұр ғой. Мен мұсылманмын, бірақ менің елші болуға құлшынысым жоқ. Мен кез келген жұмысты атқара аламын. Цемент зауытына басшы қылып қойса да, мен шын ниетіммен кіріссем, жұмысты атқарып шыға аламын. Адамда ниет болса, бәрін істей алады. Бірақ ықыласы болу керек. Жұмысын жақсы көру керек. Менің елшілікке ешқандай қызығушылығым жоқ деді”, – ол. 

Бекболат Тілеухан елбасының бауыры Қайрат Сатыбалдымен, Түркия президенті Ердоғанның ұлы Біләлмен достығы жайында баяндады. 

“Олардың менің қай қырымды жақсы көргенін білмеймін. Мүмкін бір сөзім ұнаған шығар, отырыстарда ән айтқаным ұнайтын шығар. Білмеймін. Бірақ мен достыққа өте адалмын. Мені сыйлаған адамға өте құрметпен қараймын”, – деді. 

Желтоқсан көтерілісі кезінде алаңға шыққан Бекболат Тілеухан бұл әрекетінің көп аузында көп айтылмайтынына қуанады. Оның себебі бар. 

“Жалпы не нәрсені болса да, біреу мақтасын не ертең мадақтасын деп жасамайсың. Ерлік жасады. Батыр екен деп айтсын деген мақсатта жасасаң оның сауабы осы кезде ғана. Егер перзенттік борышыңмен барсаң оның өтеуін күтпейсің. Керісінше сауабы бұзылмаған күйде ана дүниеге жетсе екен дейсің. Абай айтады, Алла адамның ішінен не ойлағанын, не мақсатпен жасағанын да біледі деп. Сондықтан бәрін өзіңе сауап үшін, Алланы ризалығын алу үшін жасау керек. Егер адамдар үшін, адамдарға жақсы көріну үшін жасасаң, онда бұл дүниеде ғана сауабын аласың. Мен жалпы біреу сынаса, содан ләззат алатын адаммын. Сонда сауабы сақталған күйінде жетеді. Егер мені ешкім сынамаса, менде бәрі жақсы болса, мен мастанып кетер едім. Мені лағып кетпесін деп отырған құдайдың ісі. Мұсылмандар не себепті бейсенбі күні ауыз бекітеді? Тамақтың қадірін білу үшін. Таңертең тұрып не үшін намаз оқиды? Ұйқының қадірін білу үшін”, — деді Бекболат мырза.

Эмоцияға көп берілемін дегенмен, отбасымда мінезім өте жұмсақ деп ақталады. Отбасында үлкені де, кішісі де жұмсап, жақын тартатынын айтады. 

“Егер бір адам сенің тіліңнен не басқа қырыңнан зиян көріп, сөйлеуге, жақын тартуға бата алмаса, ол мұсылмандық сипат емес дейді. Сондықтан барынша ада баласы мейірімді кешірімшіл болу керек. Менің әйелдерім де, балаларымд да, туыстарым да керемет. Менің құдаларымдай құда жоқ. Мен жалпы өз өміріме риза адаммын. Алланың осындай тағдыр жазғанына ризамын. Басқасы қызық емес. Ел не дейді. Мақтай ма, жамандай ма. Ол маңызды емес”, – деді бұрынғы депутат. 

[:]