[:kz]
«Жігіттер, Саяхаттан самса жемеңдер! Тышқан жүр. Бағана «крыса» жүрген. Қарашы, не мынау?! Мына самсаны жейміз ғой біз», — дейді видеоны түсіріп тұрған жігіт.
Әлеуметтік желілерге Алматы қаласының Саяхат автовокзалындағы самса сататын дүңгіршектің видеосы тарады. Онда бір тышқанның самсаларды аралап, емін-еркін жүгіріп жүргенін көруге болады, деп жазды paryz.kz.сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы
«Жігіттер, Саяхаттан самса жемеңдер! Тышқан жүр. Бағана «крыса» жүрген. Қарашы, не мынау?! Мына самсаны жейміз ғой біз», — дейді видеоны түсіріп тұрған жігіт.
Оны көрген Құралай есімді желі қолданушы: «Санэпидстанция не қарап жүр? Тексерулері керек қой», — десе, Гүлбарам Есенғазина деген кісі: «СЭС-тің көмейін майлап жібереді де, енді қайтып келмейтіндей. СЭС-тің де құлқыны тоймайды», — деп налыған. Ал Фатима атты әйел: «Біздің Бекшин қайда? Неге жұмыс істемейді? Керемет кеңседен шығып, тосыннан жетіп баруы керек қой. Бекшин, ау, ау!» — деп «айқайлады».
[:]