[:kz]
Жандарбек Бекшин үнді штамының Алматыға қайдан келгенін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы Алматы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн-брифинг барысында айтты.
Бекшиннің айтуынша, үнді штамын 1984 жылғы азаматша шет елден әкелген.
«Оның айналасындағы 7 адамды зерттеуге алдық, олар оқшауланды. Бұл отбасында үш адам бар, біреуі бала — 7 жаста. Оған кеше зерттеу жасадық, нәтижесі теріс болып шықты.
Азаматша жұқпалы аурулар станционарында оқшаулауда, ем алып жатыр. 7 жастағы қызы да оқшауланды. Жақын қарым-қатынаста болған — бес адам. Отағасы іссапарда, ол ақпанда коронавируспен ауырып шыққан, сондықтан оған жұғу қаупі минималды.
Сонда да біз оның жұмыс орнына бұл хабарды жеткіздік, ол да бақылауға алынды», — деді Бекшин.
Сонымен қатар, Бекшин үнді штамын жұқтырған әйелдің үй шаруасындағы адам екенін, еш жерде жұмыс істемеген соң айтарлықтай көп адаммен байланыста болмағанын айтты.
[:]