АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Бекжан Тұрыс «хэллоуин» мен үндінің «холи» мерекесін тойлайтын жас буынды сынға алды[:]

[:kz]

Танымал актер Бекжан Тұрыс күні кеше ғана Батыс елдері атап өткен «хэллоуин» мен үндінің «холи» мерекесін атап өтетін жастарды сынға алды. Өнер иесінің айтуынша, аталмыш мереке «әр нәрсені бойына жапсырып еліктегіш біздің қазаққа жұққан індеттің бірі» екен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 
 
Фото: Sputnik Қазақстан

Фото: Sputnik Қазақстан

 

Театр актері өзінің жанайқайын желідегі парақшасында жария еткен.

«Хе(э)ллоуин» деген – Ирландия, Шотландия, Ұлыбританияда тойланатын көне мерекенің бірі екен. Өзге елдің бұл мерекесі де – әр нәрсені бойына жапсырып еліктегіш біздің қазаққа жұққан індеттің бірі. Қашанда не нәрсенің салдарымен күрескенсіп, себебіне үңілмейтін әдетіміз бар.

Ұлттық құндылығымызға үш қайнаса сорпасы қосылмайтын осы «індеттің» біздің қазақтың арасына қай кезден кірігіп кеткенін ешкім аңғарған жоқ. «Үлкені жоқ ауылдың баласы – дуана» деген мақал бар. Төрімізде басқа мәдениет тайраңдап, басқа дүниетаным үстемдік құрып жатыр…», — деп жазбаны бастаған театр актері.

Ол бұл «індеттің» қоғамға енуіне кім кінәлі деген сұраққа жауап таппақ болған.

«Ал енді саралап көрейік, бұған кім кінәлі? Бірінші – ата-ана, отбасы. Егер біз өзіміз баламыздың тек материалдық жағдайына ғана көңіл аударып, өзінің дәстүр-салтын ұқтырып, ұлтындағы барды насихаттап, ұлттық мерекелерге үлкен мән беріп, жасалуға тиісті жөн-жоралғыны отымыздың басында жасап отырсақ, балаларымыз да өзгеге беталды еліктемес еді…

Екіншіден, қоғам. Иә, біздің қоғам ұлттық мүддені қорғап, қазақтың менталитетін ешқашан ескермеген… Ауылдағылар қалаға үдере көшіп, өркениетке ұмтылуда. Дала қазағының тұрмыс-тіршілігінен бейхабар қалып, қазақтағы барды көріп өспеген қаладағы қазақ балаларына хе(э)ллоуин тойлау әдетке айналып барады. Бұл да – себеп….», — деп жазған ол.

Актердің сөзінше, жастар үндінің холи мерекесін тойлауға да әуес көрінеді.

«Әжесінен қалған қызылды-жасылды текемет пен алашаның, сырмақ пен құрақтың қалай дайындалатынын көрмей жетіліп жатқан қаладағы қазақ баласы үндінің холи мерекесіндегі бояуды біріне-бірі шашып, бетіне жағуға әуес бүгінде.

Шындығында, кемпірқосақтағы жеті түсті де, сағыммен ойнаған сантүрлі сиқырлы бояуды да қазақтай танып-біліп тұрмысына пайдаланған ұлт аз ғой», — дейді ол.

Бекжан Тұрыс дәл осы «хэллоуин» мерекесін тойлауда талантты каскадер Қасым Жұмағожиннің көз жұмғанын да еске салған.

«…Естеріңізде болса, хе(э)ллоуинді тойлау барысында, яғни осы қазаққа жат мерекенің кесірінен түнгі клубтың бірінде қазақтың талантты каскадері Қасым Жұмағожин бақилық болды. Жұмбақ өлім… Сондықтан да жастарымыздың рухани мүгедек болуына жол бермегеніміз абзал.

Ендігі жерде құдай өлінің үрейін, тірінің мерейін ұшырмайтын қандай ісімізді болсын оңға бастырып, бүтін көңілдің иманын жоғалтпағай! Жұма қабыл болсын!», — деп жазбаны аяқтаған ол.

 
 

[:]