АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Беларусь Қазақстан арқылы Қытайға өз өнімдерін сатпақ[:]

[:kz]

 

 

Беларусь Қазақстан арқылы Қытайға өз өнімдерін сатпақ

 

Беларусь елінің барлық сүт өндеуші кәсіпорындары Қытайға экспорттаушы ретінде аккредиттелген.

Беларусь республикасы Қазақстанның «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы арқылы Қытай еліне ет және сүт өнімдерін сатпақ. Бұл туралы елордада өткен «Қазақстан – Беларусь бизнес форумы» барысында белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Қорғастың мүмкіндіктерімен былтыр таныстық. Кеше Қазақстанның ұсынысы бойынша аталмыш аймақтағы Беларусь республикасының тұңғыш сауда аймағын ашып келдік. Осы сауда каналы арқылы біз ауыл шаруашылығының сан түрлі өнімдерін сатсақ деп отырмыз. Әзірге сүт өнімдерін өткізу бойынша барлық ветеринарлық, кедендік құжаттарды реттеп болдық. Қытай тарапы да бұл жобаға қатты қызығып отыр», – деді Беларусь Республикасының Ауыл шаруашылығы және сауда министрлігі Сыртқы экономикалық қызмет басқармасының басшысы Алексей Богданов форумда. 

Оның айтуынша, Беларусь елінің барлық сүт өндеуші кәсіпорындары Қытайға экспорттаушы ретінде аккредиттелген. 

«Қытаймен онсыз да байланысымыз тығыз. Барлық сүт өндеуші кәсіпорындарымыз аккредиттелген. 2 ет комбинаты сиыр етін өткізуге, 5 фабрика құс етін өткізуге рұқсат алған. Кеше ғана 7 балық шаруашылығының Қытай нарығына жолы ашылды. Қорғас сол кәсіпорындардың өнімін өткізетін дәліздің біреуі болады. Биыл Қытайға 90 млн доллардың өнімін экспорттау жоспарланған. Қазақстан үшін бұл қосымша жұмыс орындары мен салық түсімдері деген сөз. Оның үстіне аталмыш сауда нүктесінің жанынан Қазақстанмен бірлесіп сүт өңдеуші кәсіпорын ашуды көздеп отырмыз. Қазір сол үшін серіктес іздеп жатырмыз. Біз ол жерге шикізат жеткізіп береміз. Ал оны қазақстандық кәсіпорын өңдеп, дайын өнім етіп шығаруы керек. Ол өнім екі елге ортақ брендпен қапталып, Қытай нарығына жіберіледі», – дейді ол. 

Айта кетсек, елордада «Қазақстан – Беларусь бизнес форумы» өтті. Онда белгілі болғандай Қазақстан аталған елмен бірігіп ауыл шаруашылығы машиналарын жасайды.

 

[:]