АЛТЫНОРДА
Cпорт жаңалықтары

[:kz]Беларусь намысын қорғайтын қазақ қызы мәреге жеткен соң жылап қалды (фото) [:]

[:kz]

 

Беларусь биатлоншысы Динара Әлімбекова Бейжің Олимпиадасындағы өнерін бағалады. Ол жекелей сында атудан бір рет қателікке жол беріп, бесінші орынға тұрақтады.

Егер бұдан мүлт кетпегенде алтынға үміткер болатын еді. Бұл туралы Чемпионат басылымы жазды. Мәре сызығын кескен соң журналистермен тілдесу кезінде Әлімбекова көз жасына ерік берді.

«Қазір өзімді кінәлау мен ашуланадан басқа ештеңе айта алмаймын. Ешқандай эмоцияны сезіп тұрғаным жоқ. Қатты жаурадым әрі шаршап тұрмын. Қателікке бой алдырған ату кезінде асығып кетттім деп ойлаймын. Менің қолымнан келер еді… Нысананы көздеген барлық уақытта нәтижелі әрекет еттім. Тек мүлт кеткен сәтте ғана кішкене асығып кеттім. Мүмкін концентрацияны жоғалтып алған шығармын», — деді Әлімбекова

«Беларусь 1» телеарнасының эфирінде. 15 шақырым қашықтықта германиялық Дених Херрман жеңімпаз атанса, күміс жүлде франциялық Анаис Шевалье-Бушеге бұйырды. Ал қола медальді норвегиялық Марте Олсбю-Ройселанн қанжығасына байлады. Отандасымыз Галина Вишневская-Шепоренко 44-орын алса, Динара Әлімбекова үздік бестікке ілінді. Айта кетейік, Динара Әлімбекова 1996 жылы 5 қаңтарда Қарағанды облысы, Абай ауданында өмірге келген.

Оның әкесінің есімі — Талғат. Ұлты — қазақ. Ал анасы — беларусь. Динара кішкентай кезінен биатлонмен айналысады. Ол 2018 жылы Оңтүстік Кореяның Пхенчан қаласында өткен қысқы Олимпиадада алтыннан алқа таққан. Биатлоншы чемпиондық атаққа әйелдер арасындағы 4х6 шақырымдық эстафеталық жарыста қол жеткізген. Сонымен қатар, Динара әлем кубогының, Еуропа біріншілігінің жүлдегері және Беларусь Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері.

kaz.nur.kz

 

[:]