АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Белгілі айтыскер ауыр дерттен қайтыс болды[:]

[:kz]

Кеше қазақстандық белгілі ақын, айтыскер Жарқынбек Наушабеков қайтыс болды.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Aitysker порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Басылым мәліметінше, айтыскер кеше, 2 қазанда, 44 жасына қараған шағында өмірден озған. Жарқынбек Наушабековтың өліміне ауыр дерті себеп болыпты. 

Жарқынбек Наушабеков  1976 жылы 12 қаңтарда ОҚО (қазіргі Түркістан облысы) Сарыағаш ауданы Ақтөбе ауылында дүниеге келген. 1997 жылы Арқалық қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық институтты бітірген. Айтыс өнеріне мектеп жасынан араласқан. Алғашқы ірі жеңісі,   1992 жылы Шымкент облыстық жас ақындар айтысының бас жүлдесін жеңіп алған. Республикалық, халықаралық ақындар айтысының бірнеше дүркін жеңімпазы. 2008 жылдың қорытындысы бойынша «Оңтүстік Қазақстан облысының ең үздік айтыскер ақыны» номинациясын иеленген. «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен наградталған. Өмірінің соңғы кезеңдері  Сарыағаш аудандық Тілдерді оқыту және дамыту орталығының директоры қызметін атқарды.

 Stan.kz

[:]