АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Белгілі актер Әбунасыр Серіков пен Шырын Наршаева түсірілім алаңында сөзге келіп қалды (видео)[:]

[:kz]

Комедия актері Әбунасыр Серіков атышулы Шырын Наршаевамен бірге киноға түсуден бас тартты.

Елімізге белгілі актер Әбунасыр Серіков пен атышулы Шырын Наршаева түсірілім алаңында сөзге келіп қалғаны жайлы видео Facebook әлеуметтік парақшасында жария болды.

Түсірілім алаңында Әбунасыр Серіков Шырынды жерден алып жерге салды:

«Сендер не түсіріп жүрсіңдер? Тәрбиесі бар нәрсе түсірмейсіңдер ме? Қанша халық қарап отыр ғой. Кішкене адамда ұят болу керек қой», — дейді актер.

Әлеуметтік желіні жалаңаш денесімен шулатқан Шырын Наршаева да қарап қалмай, «Мені сөгетіндей қандай құқығыңыз бар?» деп жауап қатып үлгерді.

Жас қыздың мұндай әңгімесіне ашуланған актер «Осының өзінде сіз мені сыйламай отырсыз. Жасымды сыйламайсыз ба? Басқа қыз таппадыңдар ма, не? Өздерің ойнаңдар, онда!» деп қолындағы сценарийін лақтырып, түсірілім алаңынан кетіп қалады. 

 

 

sn.kz

[:]