[:kz]
Танымал әнші Мейрамбек Беспаев тыңдармандарына жаңа бейнебаян ұсынды. «Өмір өтті» әнінің клипіне әнші ұлы Әбухайыр мен қызы Кәусарды түсірген, деп хабарлайды Express Qazaqstan.
Бұл туралы Мейрамбек Instagram-дағы парақшасында жазды.
Бейнебаянда басты рөлді Мейрамбектің ұлы Әбухайыр мен танымал актер Тұңғышбай Жаманқұлов сомдады. Сондай-ақ әншінің қызы Кәусар фортепианода ойнаған.
«Бұл ән 2009 жылы жарыққа шықты. Оған себепкер болған досым Саят Медеуов пен сазгер Бағлан Омаров. Ерекше ән үшін Бағлан аға сізге мың алғыс. Сөзін ақын Есенқұл Жақыпбеков жазған еді. Көптен бері осы әнге тарихи бір жақсы дүние түсіруді армандап жүрдім. Арманым орындалды», —дейді Мейрамбек Беспаев.
Бесбаевтың бұл туындысын тыңдармандар жақсы қабылдап, оң бағаларын беріп жатты.
Керемет ән. Екі дәуірдің тоғысқан сәті. Кинодан үзінді сияқты,
[:]